«KAZTECHNOLOGY» инжиниринг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пойыз серверінде орналасқан мультимедиалық ойын-сауық порталы мен қосымша сервистерге сымсыз технология (Wi-Fi) арқылы қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, өз клиенттеріне бос уақытты ұйымдастыру қызметтерінің кең және сапалы спектрін (бұдан әрі – Қызметтер) ұсынуды өз алдына басым мақсат етіп қояды.
Осы Келісімнің барлық талаптары Пайдаланушы үшін де, Орындаушы үшін де міндетті. Қызметті пайдаланып бастамас бұрын Пайдаланушы осы жария офертаның талаптарымен танысып шығуға міндетті.
Қызметтерді көрсету пайдаланушыларға басқа пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын шектейтін немесе нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға шектеу қоятын «Қызметтерді пайдалану ережелері» негізінде жүзеге асырылады.
Қызметтерді пайдалану ережелері
Қолданылатын терминдер мен белгілеулер
«Орындаушы» – «КАZTECHNOLOGY» инжиниринг компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Заңды мекенжайы: ҚР, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 14-үй, «MARDEN» БО, 413-офис
«Пайдаланушы» – Қызметтерді қажет ететін және оларды алуға техникалық мүмкіндігі бар, он сегіз жасқа толған кез келген жеке адам, осындай адамдар тобы немесе заңды тұлға болып табылатын ұйым (кез келген меншік нысанындағы мекеме, фирма және т.с.с.).
«Пайдаланушының техникалық мүмкіндігі» – Пайдаланушының Орындаушының Wi-Fi желісіне қол жеткізу нүктесінің радиосигналын сенімді қабылдау аймағында болуы және Қызметтерге қол жеткізу үшін Пайдаланушының бапталған жабдығы (Wi-Fi IEEE 802.11 стандартындағы құрылғыны қолдау) мен бағдарламалық жасақтамасын (браузердің html5, cookie және javascript технологиясындағы құрылғыны қолдауы) пайдалануы. Пайдаланушының бағдарламалық жасақтамасы мен жабдығын Пайдаланушы өзі баптайды.
Қызметтерді пайдалану кезінде:
Басқа Пайдаланушылардың Қызметтерге қол жеткізуін шектеуге немесе басқа Пайдаланушылардың Қызметтерді пайдалануына кедергі жасауға тыйым салынады.
Алушылардың келісімінсіз (немесе өтінімінсіз) жарнамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды, сондай-ақ тақырыпқа сәйкес келмейтін электронды басылымдар мен конференцияларға жіберуге тыйым салынады.
Алушылар жарнамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды жеке электронды поштасына, сондай-ақ бұл мақсатқа арналмаған электронды басылымдар мен жалпыға қолжетімді конференциялар арқылы алуға келісетін жағдайлардан басқасында, осы материалдарды Интернет желісінің басқа пайдаланушыларына «тармақтап» (жаппай) таратуға тыйым салынады.
Орындаушы желiсiнiң кез келген технологиялық компоненттеріне (тораптарына), бағдарламаларына, дерекқорына және басқа да құрамдас элементтерiне, Интернетке өздігінен (рұқсатсыз) кіруге тыйым салынады, мұндай әрекетті жасағаны немесе жасауға оқталғаны үшін Қазақстан Республикасында белгіленген құқықтық жауапкершілік қарастырылатынын түсінген жөн.
Вирустары не басқа да зиянды компоненттері бар кез келген ақпаратты немесе бағдарламалық жасақтаманы таратуға тыйым салынады.
Толық немесе ішінара түрде Қызметтер арқылы алынған ақпаратты, бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа да материалдарды коммерциялық мақсатта жіберуге, таратуға, көшіруге, ұсынуға немесе кез келген түрде пайдалануға тыйым салынады (бұл осындай ақпаратты, бағдарламалық жасақтаманы немесе басқа өнімді жеткізушінің анық рұқсаты болмаған жағдайда).
Орындаушы Қызметтер арқылы таратылатын ақпараттың мазмұнын бақылауға міндетті емес. Алайда, заңға және уәкілетті мемлекеттік мекемелердің талаптарына сәйкес немесе Қызметтердің қалыпты қолданылуы үшін, не болмаса Орындаушыны, басқа да Пайдаланушыларды, сондай-ақ заңды құқықтары мен мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін үшінші тұлғаларды қорғау мақсатында қажет болған жағдайда, Пайдаланушы Орындаушының Қызметтер арқылы өтетін ақпаратты мерзімді түрде бақылап отыруға және кез келген мәліметтерді ашуға құқылы болатынын қабылдайды.
Пайдаланушы Орындаушы осы Келісімде мазмұндалған Қызметтерді пайдалану ережелері мен нормаларын бұзады деп негізді түрде санайтын әрекеттерге қатысқан жағдайда, Орындаушы Пайдаланушының Қызметтерге қол жеткізуін алдын ала ескертусіз тоқтатуға құқылы.
Тараптар өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
Пайдаланушы осы Қызметтерді пайдалану ережелері мәтінінің астындағы «Мен талаптарды қабылдаймын» түймесін басу арқылы осы Қызметтерді пайдалану ережелеріне келісімін білдіреді.
Қызметтерді көрсетудің басталуы:
порталға қол жеткізуді алғаш қосқан сәттен бастап;
бейне көруді алғаш қосқан сәттен бастап белгіленеді
және тарифтік жоспарға сәйкес бүкіл уақыт бойында қолданылады.
Осы Келісім талаптарын қабылдай отырып, Пайдаланушы Орындаушыдан көрсетілген электронды пошта адресіне ақпараттық және жарнамалық хабарламаларды, сондай-ақ көрсетілген телефон нөміріне SMS хабарламаларды алуға келісімін береді.

Жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында сіздерден келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз. Біз үшін сіздердің пікірлеріңіз өте маңызды.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының пойызына қош келдіңіздер.
Клиенттерге арналған бейілділік бағдарламалары, сондай-ақ жолаушылар пойызының қозғалыс кестесіндегі өзгерістер немесе ауытқушылық туралы ақпаратты уақтылы алу үшін, жолаушылардан байланыс деректерін - Аты-жөнін,ұялы телефон нөмірін немесе электронды поштасын қалдыруын сұраймыз.
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының қызметін пайдаланған Сізге алғыс білдіре отырып, сәт сапар тілейміз!