08.03

img



Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстанның барлық бағыттарындағы жолаушылар пойыздарында мерекелік акция ұйымдастырылып, мыңдаған әйел жолаушыларға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Елдің әр өңірінде таңертеңнен бастап жолсеріктер жолаушы аруларды жылы ықыласпен қарсы алып, мерекелік сый-сияпат жасады. Күтпеген тосынсый алған жолаушылар шынайы қуаныштарын білдіріп, жолсеріктерге алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, кейбір пойыздар мерекеге сай безендіріліп, жолаушыларға ерекше көктемгі көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық тасымалдаушы мен Kaztechnology компаниясы жыл сайын ұйымдастыратын бұл акция игі дәстүрге айналды. Оның негізгі мақсаты – сапардағы жолаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Айта кетейік, жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 13,5 миллионнан астам жолаушы сапар шегеді, оның тең жартысы – әйелдер. Осыған байланысты компания әрдайым жолаушыларына жайлы жағдай жасап, ерекше көңіл-күй сыйлауға мән береді.