16.01

img



ҚТЖ пойыздық бригадасын бақылау жөніндегі бас менеджерлер Тараз-Шымкент учаскесінде "Маңғыстау - Алматы" қатынасындағы №77 жолаушылар пойызына тексеру жүргізді. Тексеру жолаушылар пойызы бастығының қатысуымен жүргізілді, оның барысында №8/15892 вагонында Түрксіб станциясынан Шымкент станциясына дейін жалпы салмағы 108 кг (жүз сегіз килограмм) ресімделмеген багажды тасымалдағаны анықталды.

Жолаушылар вагоны жолсерігіне қатысты бұзушылыққа байланысты нөлдік төзімділік қағидатына негізделген шаралар қабылданды. Жолсерікпен еңбек шарты бұзылды.

Сонымен қатар, жолсерік пен пойыз бастығы тексеру барысында дөрекі сөз сөйлегені және пойыз бригадасының жұмысын бақылауды жүзеге асырған қызметкерге қатысты күш қолданған.

Қазіргі уақытта денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

ҚТЖ жолаушыларға жүгіне отырып, Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүк-багажды сенімді түрде ресімдеуді сұрайды.